2025 жылғы 4 маусым күні Аграрлық-индустриялық колледжде Қазақстаен Республикасының мемлекеттік рәміздері Күніне арналған салтанатты сап өткізілді. Бұл біздің еліміздің тарихына, мәдениеті мен тәуелсіздігіне құрметті айқындайтын атаулы күн.
Іс-шара Мемлекеттік туды шығарумен және Әнұранды орындаумен басталды. Жүргізушілер студенттерге Қазақстанның Туын, Елтаңбасын және Әнұраның қабылдау тарихын еске салып, әрбір символдың мәні туралы айтып берді. У-3 тобының білім алушысы Томирис Мусабанева және өндірістік оқыту шебері Тимур Рысбекович Ибраевтың орындауынды Отан туралы патриоттық өлеңдер шырқалды.
Педагог-тәлімгерлерге және студенттерге арналған құттықтау сөздерін колледж басшысы Аскербек Жамантаевич Тюлебаев пен оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасардың м.а. Антонина Владимировна Гавриленко жеткізді.
Сап барысында «WorldSkills Aqmola-2025» облыстық байқауына қатысқандары үшін дипломдар мен сертификаттар табысталды. «Наубайханалық шеберлік» құзыреттілігі бойынша алған төртінші орын үшін ОП-21 тобының білім алушысы Тахмина Балекбаева мен ө/о шебері Тлеулес Достаевна Бабаева дипломмен және медальонмен марапатталды. «Аспаздық іс» құзыреттілігінде ОП-11 тобының білім алушысы Римма Новосад пен ө/о шебері Надежда Сергеевна Тарынина, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Ульяна Лебедева және ө/о шебері Надежда Петровна Симченко, «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша СД-31 тобының студенті Вадим Тимошенко мен ө/о шебері Тимур Айтбаевич Бралин сертификаттармен марапатталды. «Мен кәсіпкермін» гранд-турниріне қатысушыны дайындағаны үшін арнайы пәндер оқытушысы Юлия Николаевна Немитовская алғыс хатпен марапатталса, ОП-31 тобының студенті Карина Пукась үшінші орын үшін дипломмен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар жастарда патриотизм сезімін, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді және өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелейді.
Тәрбие бөлімі.