Текст
19 мамыр күні колледжде «Ақиқат» пікірсайыс клубының кезекті турнирі өтті.
Аталған турнирдың төрешісі болып ЖІК инспекторы Г.К.Жусупова тағғайындалды.
Турнир екі раундтан тұрды. Әрбір раунд пікірсайыстық сөйлеу үшін екі тақырыптан тұрды.
I раунд: 1. Сенің ата-анаң сенің жеке өміріңе араласа ала ма және сен үшін сенің проблемаларыңды шеше ала ма?
2. Әлеуметтік желілер: оқуға зиян ба әлде пайдалы ма?
II раунд: 1. Колледжге бірыңғай әлде еркін киім керек пе?
2. Егер Сіз қаламасаңыз, өзіңізді басқаларға төзімді болуға мәжбүрлеуіңіз керек пе?
Ойын барысында командалар пікірсайысқа белсенді түрде қатысты. Іс-шара өте мазмұнды форматта өтті. Келесі колледжішілік турнир 2021 жылғы 26 мамырға жоспарланып отыр.