Текст
Бүгін, 19 маусымда ЭВМ-35 тобында «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша біліктілік емтиханы өтті. Комиссия мүшесі, Айтпаева Жадра Есентаевна атап өткендей, түлектер алған білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Толкумбеков Н.Ж. және топ кураторы Игибаева А.М. студенттерді қорытынды аттестацияны сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы мақсаттарының орындалуына сәттілік тіледі!