2025 жылдың 25 маусымынан бастап Атбасар қаласының Аграрлық-индустриялық колледжінде негізгі орта және техникалық, кәсіптік білім негізінде техникалық және кәсіптік білім алуға ниетті тұлғалардан өтініш қабылдау бойынша қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.
2025–2026 оқу жылына 1-курсқа келесі мамандықтар бойынша 410 білім алушыны қабылдау жоспарлануда: «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электр жабдықтары (түрлері мен салалары бойынша)», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)», «Токарлық іс (түрлері бойынша)», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу», «Шаштараз өнері», «Маркетинг (салалар бойынша)», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)».
Биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға өтініштерді қабылдаудың ерекшелігі – мемлекеттік қызмет көрсету үшін «EGOV» электрондық үкімет порталына жүгіну. Қызмет атауы: «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжау» ттарды қабылда.
Бұл мемлекеттік қызметті алу үшін талапкерде немесе оның ата-анасында (заңды өкілдерінде) электрондық цифрлық қолтаңба немесе «EGOV» мобильді қосымшасында QR-код болуы қажет.
Қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары үміткерлерге осы мемлекеттік қызметті көрсету, «EGOV» қосымшасын және ЭЦҚ-ны пайдалану бойынша қажетті көмектерін көрсетеді.
Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы – Гавриленко А.В.