2021 жылғы 31 мамырда "Атбасар ауданы, Атбасар қаласының аграрлық - индустриялық колледжі" МКҚК-да мамыр айына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан саяси қуғын-сүргін және жан түршігерлік ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өтті. «Далада қызыл қызғалдақтар гүлдей бастағанда Қазақстанда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Далаға өлім келген 20-30 жылдардағы қорқынышты күндерді еске алудан, табиғаттың өзі қанға боялған сияқты. Адам болып қалу үшін-есте сақтау керек. Адамда қанша жад бар – ондағы адам да сонша». Іс-шара осы сөздерден басталды. Жүргізушілер Муканова Жасмин мен Панова Ирина өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы Ұлы даланың қасіреті, сталиндік репрессия құрбандары туралы айтып берді. Қуғын-сүргіннің негізгі және неғұрлым адамгершілікке жатпайтын тетіктерінің бірі сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберу болды. Ақмола облысында тоталитаризм кезіндегі КСРО аумағындағы әйелдердің ең үлкен лагері Отан сатқындары әйелдерінің (АЛЖИР) лагері болды. Осы лагерь арқылы 18 мыңнан аса әйелдер өтті.
«АЛЖИР» мемориалдық кешені бойынша виртуальды экскурсиия өткізілді. Аштан өлгендерді еске алу мақсатында Бір минут ү.нсіздік жарияланды.
Іс-шара барысында Шафранская Милена, Дружинина Екатерина Ақмола лагерінің бұрыңғы тұтқындарының өлеңдерін оқып, деректі шежіре кадрларын қарады. Іс-шараның соңында Муканова Жасмин «Земля Казахстана» (Қазақстан жері) әнің орындады.