Текст
2021 жылдың 2 маусымында «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК жатақханасында 1 курс студенттерімен «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында әңгімелесу сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерде ПБЗ-ны қолдануға теріс көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылу. Қарым-қатынас барысында студенттерге «Мен өмірді таңдаймын» бейнеролигін көрсетіліп, жағдайлық ойындар мен жаттығулар орындалып, ақпараттық әңгімелесу мен талқылау өткізілді. Әңгімелесу сағатының соңында буклеттер таратылды. Іс-шараға 19 адам қатысты.
Тәрбиеші К.К.Байкенова