02.12.2025
2025 жылғы 20 желтоқсанда «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Токарьлік іс», «Электржабдықтары салалар бойынша», «Автомобиль көлігін жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша үшінші және төртінші курстардың студенттерінің Атбасар ауданының жұмыс берушілерімен кездесулері болып өтті. Кездесуге Атбасар ауданы Кәсіпкерлер палатасының директроы Роза Мырзабековна Тасмагамбетова, «АГРО-СИНТЕЗ» ЖШС басшысы Абубакар Умалтович Абаев, «Жусуп» ЖШС басшысы Марат Жусупович Козбагаров, «Токарева е.С.» ЖК басшысы Евгения Сергеевна Токарева қатысты.
Жұмыс берушілер мен білім алушылар арасында түлектерді жұмысқа орналастыру, өндірістегі еңбек тәртібі, ауылдық жерлерде жұмысшы кадрларды бекіту, түлектерді өзін-өзі анықтау және оқу орнын бітіргеннен кейінгі жоспарлар бойынша сындарлы әңгіме болды. Жұмыс берушілер білім алушыларды өндірістегі қызметкерлерге қойылатын талаптар және әлеуметтік пакетті ұсыну туралы, сондай-ақ өндірістегі үздік қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді. Жұмыс берушілер мен білім алушылар арасындағы диалог колледждің болашақ түлектері үшін қызықты әрі пайдалы болып шықты.
ОӨЖ жөніндегі орынбасар В.А.Зардиева.