03.12.2025
2025 жылғы 2 желтоқсан күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК кітапханасында «Сынып жетекшісінің жұмысындағы тиімді әдістер мен технологиялар: топтың динамикасын басқару және қолайлы микроклиматты қалыптастыру» тақырыбындағы оқу топтары кураторларының әдістемелік бірлестігінің жоспарлы отырысы өткізілді.
Отырысқа оқу топтарының кураторлары, өндірістік оқыту шеберлері, әкімшілік өкілдері мен педагог-психолог қатысты.
«Тәрбие жұмысында кураторлар мен ө/о шеберлерінің функционалдық міндеттерін орындау туралы: талдау, проблемалар және жетілдіру жолдары» тақырыпбағы баяндама арқылы қатысушыларды күн тәртібімен басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова таныстырды. Талқылау барысында колледж басшысы А.Ж.Тюлебаев топтағы өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелер белгілеп, сондай-ақ тәлімгерлік пен кураторлық сүйемелдеудің рөлін күшейту бойынша ұсыныстар берді.
Педагог-психолог Т.В.Фёдорова студенттердің әлеуметтенуіндегі оң динамиканы да, анықталған қиындықтарды да атап өтіп, бірінші курс студенттерінің бейімделуінің алдын-ала нәтижелеріне талдау жасады.
Кездесу соңында Т.П.Толкумбекова ұсынған сынып жетекшісінің жұмысында ұқыпты басқару құралы ретінде «Канбан» жүйесімен танысу болды.
Отырыс сындарлы және нәтижелі атмосферада өтіп, колледждің сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы кезекті қадам болды.