Текст
15.12.2025
Бүгін Аграрлық-индустриялық колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты сап өткізілді.
Іс-шараны колледж басшысы Аскербек Жамантаевич Тюлебаев ашып, іс-шараға қатысушыларды басты мемлекеттік мерекемен құттықтап, студенттерге өз елінің лайықты азаматтары болуын тіледі.
Сап аясында колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары, облыстық зерделік байқауларындағы табыстары үшін студенттер мен олардың жетекшілеріне грамоталар тапсырылды.
Мерекелік көңіл-күйді музыкалық жетекші Т.А.Лямина мен колледждің талантты студенттері орындаған музыкалық нөмірлер сыйлады.
Сап бірліктің, тарихты құрметтеудің және тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына ұмтылыстың символына айналды.