Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Қаңтар 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданы әкімінің қатысуымен Қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

19.12.2025

2025  жылғы 18 желтоқсан күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Атбасар ауданың әкімі      Кенеш Галибекович Алимжановтың, аудан әкімшілігі өкілдерінің, ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшыларының, ауыл округтері әкімдерінің, әлеуметтік серіктестер және бизнес қауымдастықтары мүшелерінің қатысуымен Қамқоршылар кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

            Шара «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Токарьлік іс» «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» бағыттары бойынша стендтерден тұратын студенттердің техникалық шығармашылығының шолу көрмесімен басталды. Қонақтар оқытудың тәжірибеге бағытталған тәсілі мен студенттердің кәсіби дайындық деңгейін жоғары бағалады.

            Отырыс Атбасар ауданың әкімі К.Г.Алимжановтың сөзімен басталды. Отырыс барысында «Колледждің даму перспективалары» бағлдарламалық сөзімен колледж басшысы А.Ж.Тюлебаев сөйледі. Колледжбен ынтымақтастық және еңбек нарығының қажеттіліктері туралы «Агро-Синтез-2020» ЖШС басшысы А.У.Абаев айтты. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Р.М.Тасмағамбетова кәсіпкерлік құзыреттілігін дамытудың өзекті бағыттарын айтты.

            Практикадан өту тәжірибесі туралы «Техник-механик» біліктілігі бойынша 4 курстың студенті Владислав Крейдер бөлісті. Ол өз сөзінде өндіріс орнындағы тағылымдама алған білімдерін бекітуге ғана емес, болашақ жұмыс орнын саналы түрде таңдауға да септігін тигізгенін баса айтты. Оның әңгімесі колледж мен оның өндірістік серіктестері арасындағы тығыз ынтымақтастық студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауына қаншалықты ықпал ететіндігінің айқын мысалы болды.

            Жиналыс модераторы, басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова оқу-өндірістік үдерісті жаңғырту және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау тұрғысында Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттерін атап өтті.

                Жиынның екінші бөлімінде басшының ОӨЖ жөніндегі В.А. Зардиева өндірістік оқытуды ұйымдастырудағы қиындықтарға, сондай-ақ жас мамандарға жүйелі қолдау көрсету қажеттілігіне қатысты маңызды және өзекті мәселелерді көтерді. Атбасар ауданының әкімі Кенеш Галибекович Алимжанов жергілікті билік, агробизнес, білім беру мекемелерінің бірлескен күш-жігері арқылы ғана өңір экономикасында оң өзгерістерге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Ол ауылдық округ әкімдері мен агроөнеркәсіптік кешен өкілдерін колледжбен ынтымақтастықтың жаңа, нәтижеге бағытталған түрлерін дамытуға шақырды.

Кездесу барысында колледж бен «Агро Синтез 2020» ЖШС, жеке кәсіпкер А.М. Мейрамова және «Атбасар аудандық мансап орталығы» мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер кадрларды даярлаудың практикалық бағытын қамтамасыз ету және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін жаңа негіз береді.

            Іс-шара кәсіптік білім беру саласының дамуына зор үлес қосқан өндірістік оқыту шеберлері Н.П.Симченконы, С.К.Садвокасовты, Л.А.Пшеничникова мен Т.Д.Бабаеваны марапаттау рәсімімен аяқталды. Олардың еңбектері Атбасар өңірінің экономика салаларына білікті, сұранысқа ие мамандарды даярлаудағы жалпы күштің маңызды бөлігі ретінде танылды.

Кездесу кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға және бірлескен стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы тағы бір қадам болды.

 

 

 

 

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст