Текст
19.01.2026
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасын іске асыру шеңберінде У-3 тобына «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты білім алушылардың сандық сауаттылығын арттыру және желіде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды.
Сынып сағатында жеке ақпаратты қорғау, интернеттегі қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен онлайн-ресурстарды пайдалану кезіндегі ықтимал қатерлер талқыланды. Оқушылар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау виртуалды кеңістікте көптеген проблемаларды болдырмауға көмектеседі деген қорытындыға келді.