Текст
2021 жылдың 8 маусымында «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК жатақханасында эмоционалдық жайсыздықтың алдын алу, қиын өмірлік жағдайларда құрдастарына эмпатияны қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттердің бойында позитивті өмірлік ұстанымдарды тәрбиелеу мақсатында «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында қарым-қатынас сағаты өтті. Іс-шара барысында студенттер «Мен өмірді таңдаймын» бейнеролигін қарап, бейнероликті талқылады; «Комплимент», «Жұлдызға қол созу», «Алақандағы тілектер» жаттығуларын орындады. Іс-шараның соңында қорытындылар жасалып, студенттер білгендерімен және бәрінен бұрын есте сақталғандарымен бөлісті.
Тәрбиеші Байкенова К.К.