23.01.2026
2026 жылғы 22 қаңтарда өндірістік оқыту шебері О.К.Бәйімбетова «Кадрлар даярлау процесіне жасанды интеллектті енгізу» тақырыбындағы «Қызмет көрсету салалары» әдістемелік кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс барысында білім беру процесінде цифрлық және зияткерлік технологияларды қолданудың заманауи тәсілдері қаралып, білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және оқыту сапасын арттыру үшін AI тиімді құралдары талқыланды.
Отырысқа қатысушылар тәжірибе алмасып, AI-ді білім беру бағдарламаларына ықпалдастыру перспективаларын талқылады және қызмет көрсету саласының кадрларын даярлауды цифрландыру аясындағы одан арғы жұмыс бағыттарын белгіледі.