Текст
29.01.2026
2026 жылғы 28 қаңтар күні колледждің жатақханасында ер балалар арасында үстел теннисінен турнир өткізілді. Оның мақсаты: жастардың бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын, студенттердің бәсекелестігін насихаттау, қабілетті балаларды анықтау. Ойынға 6 ойыншы қатысты, олардың арасында бірінші курстың білім алушылары: Гейбель Данил, Быков Артём; Дьяков Дмитрий, Шаймурзин Диас, Сайлаубаев Шынгыз, Бояринов Расул. Ойын тоғыз партиядан тұрды. Ойын қорытындысы бойынша үшінші орынды Дьяков Дмитрий, екінші орынды Быков Артём иеленсе, бірінші орынды Шаймурзин Диас жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Балаларға алда да жеңістер мен қызықты ойындар тілейміз!
Тәрбиеші: К.Г.Байкенова.