Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Наурыз 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледж жанынан практикалық-бағдарланған кадрлар даярлауды дамыту және жаңа шағын кәсіпорын ашу

30.01.2026

2026 жылғы 30 қаңтарда «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-нидустриялық колледж» МКҚК «Колледж бен өңір кәсіпорындарының өзара іс-қимылы арқылы кадрларды тәжірибеге бағдарланған даярлауды дамыту» тақырыбындағы

Индустриялық кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді.

            Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру мен бизнес жүйесінің өкілдерін біріктірді. Отырысқа ТжКБ дамыту орталығының, Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, өңір колледждерінің басшылары, индустриялық кеңес мүшелері және колледждің әлеуметтік әріптестері қатысты.

            Кездесу мақсаты - білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, мамандар даярлауды өзектендіру мен дуалды және тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамыту.

Басты назарда – еңбек нарығының заманауи талаптары.

Отырыс барысында колледждің әлеуметтік әріптестері қызмет көрсету саласындағы мамандарды даярлау мазмұнына тікелей әсер ететін ағымдағы технологиялық өзгерістер туралы ақпарат ұсынды. Кәсіпорын басшылары жұмыс берушілердің түлектерге деген үміттерімен бөлісті және ең қажетті кәсіби дағдыларды белгіледі.

Бағдарламаның жеке блогы өңір кәсіпорындарын колледждің білім беру процесіне неғұрлым белсенді тарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға арналды. Атбасар ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры баяндама жасап, бизнес ұстанымын және серіктестік желіні кеңейту перспективаларын ұсынды.

Индустриялық кеңестің ұйымдастыру мәселелері.

Отырыс шеңберінде индустриялық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді, кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау өтті, бұл оның колледж бен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылының негізгі алаңы ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Тәжірибе өндірістен басталады.

Іс-шараның қорытындысы «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша шағын кәсіпорынның салтанатты ашылуы болды. Жаңа өндірістік алаң студенттерді нақты өндіріске барынша жақын жағдайларда тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру үшін құрылған. Бұл білім алушыларға заманауи технологияларды игеруге, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға және еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Индустриялық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізу және шағын-кәсіпорынды іске қосу кадрларды даярлаудың тәжірибеге бағдарланған моделін дамытуда және өңірдің білімі мен бизнесі арасындағы әріптестікті нығайтуда маңызды қадамдар болып табылады.

Байланыс ақпарат: «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК. Колледждің баспасөз қызметі.

 

 

Просмотров: 157


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст