Текст
02.02.2026
2 ақпанда Э- 22 тобында «Конституциялық реформа - әділ мемлекеттің негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты оқушылардың бойында әділ, құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде Конституцияның рөлі және конституциялық реформа туралы түсініктер қалыптастыру. Сынып сағаты барысында мынадай негізгі ұғымдар қарастырылды: Қазақстан Республикасының конституциясы, адам, оның өмірі, құқықтары мен қадір-қасиеті басты құндылық болып табылатын Әділ Қазақстанды құруға бағытталған Қазақстанның конституциялық реформасы. Сынып сағаты әңгімелесу түрінде өткізілді. Қорытындысында: билік те, азаматтар да Конституцияны сақтаған кезде ғана әділ мемлекет болуы мүмкін деген қорытынды жасалды.
Топ жетекшісі: А.О.Байтугулова.