09.02.2026
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында М-5 тобында «Жеке бас бостандығына құқық, құқықтық негіздер және зорлық-зомбылыққа, қудалауға және некеге мәжбүрлеуге қатысты жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, басқа адамның бостандығын бұзғаны үшін жеке құқықтары мен жауапкершілігін түсінуді қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында білім алушылар ҚР Конституциясында және ҚР қылмыстық кодексінде бекітілген адамның негізгі құқықтарымен танысып, жеке бас бостандығы, жеке басына қол сұғылмаушылық және некеге тұруға еріктілік ұғымын талқылады. Зорлық-зомбылық, психологиялық қысым, қудалау және некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сынып сағаты жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті дамытуға және өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.
Г.К.Жусупова.