26.03.2026
Колледжіміздің жатақханасында маңызды кездесу өтті! Атбасар ауданының ПБ қызметкері Рахымжанов Бахтияр Талғатұлы студенттерге «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Әңгіме барысында мыналар талқыланды:
-Құқық бұзушылық түрлері және олар үшін жауаптылық ;
-Қылмыстың құрбаны болмауға қалай болады ;
-Жатақханада және одан тыс жерлерде қауіпсіз мінез-құлық қағидалары ;
-Қиын жағдайларда көмекке қайда жүгіну керек .
Бахтияр Талғатұлы ойланбай жасаған әрекеттердің салдарын нақты мысалдар арқылы көрсетіп, балалардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Дәріс нәтижелі өтті - оған түрлі курстардан 32 студент қатысты.
"Мұндай кездесулер өте пайдалы. Енді біз өз құқығымызды жақсы білеміз және қауіпті жағдайларды болдырмау жолдарын түсінеміз", - деп өз әсерлерімен бөлісті қатысушылар.