10.04.2026
Бүгін Борисовка, Покровка және Полтавка ауылдық елді мекендерінде жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысы ұйымдастырылып, жүргізілді.
Кездесу аясында 9-сынып оқушылары колледжде білім алу мүмкіндіктерімен, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ оқуға түсу және оқу шарттарымен танысты.
Іс-шара барысында болашақ түлектерге арнайы орта білімнің артықшылықтары, жұмысқа орналасу перспективалары және одан әрі кәсіби даму мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Практикалық даярлықты ұйымдастыру, материалдық-техникалық базамен жарақтандыру және студенттік өмірдің ерекшеліктері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу оқушылардың кәсіби жолын саналы түрде таңдауға ықпал етеді, сондай-ақ білім беруді жалғастыруға байланысты өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
А.М.Игибаева, Т.С. Молдыбаев.