13.05.2026
2016 жылғы 13 мамырда Ақмола облысы Білім басқармасының Кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының басшысы Атбасар қаласының Аграрлық-индустриялық колледжіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ТжКББ дамыту орталығының басшысы колледждің оқу процесін ұйымдастырумен танысты, өндірістік шеберханалар мен зертханаларда жұмыс мамандықтары бойынша білім алушыларды даярлау шарттары таныстырылды. Колледждің материалдық-техникалық базасына, оқытудың практикалық бағытына және өңірдің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білікті кадрлар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында колледждің даму перспективалары, мамандарды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ колледждің кәсіпорындармен және әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылын нығайту мәселелері талқыланды. Колледж басшылығы оқу орнының жетістіктері, студенттердің кәсіби шеберлік байқауларына қатысуы және өндірістік практиканың нәтижелері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, ТжКББ дамыту орталығының басшысы колледж базасында «Дәнекерлеу технологиялары» және «Наубайхана шеберлігі» құзыреті бойынша колледж педагогтары арасында өткізілетін кәсіби шеберлік байқауларының жұмыс алаңдарында болып, олардың дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша білім беру процесін одан әрі жетілдірудің, оқытудың заманауи технологияларын енгізудің және қазіргі заманғы өндіріс талаптарына сәйкес білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.