19.05.2026
«Ізгі істер автобусы» бағдарламасы аясында «Шаштараз өнері» мамандығы П-24 топ студенттері өндірістік оқыту шебері бірге № 2 арнайы мектепте болды.
Шара барысында оқушылар мектеп тәрбиеленушілеріне шаштараз қызметін көрсетіп, әр балаға көңіл бөлді.
Іс-шара ізгілік, өзара түсіністік және қолдау атмосферасында өтті. Болашақ мамандар кәсіби дағдыларын, жауапкершілігін, сондай-ақ балаларға деген қамқорлығын көрсетіп, оларға жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлады.