Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Маусым 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Студенттер DOSTI Skills Kokshetau 2026 халықаралық чемпионатының байқау алаңдарында болды

19.05.2026
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледждің студенттері жоғары техникалық колледж алаңқайларында өтіп жатқан Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай өткізіліп жатқан халықаралық DOSTI Skills Kokshetau 2026 чемпионатының байқаулық алаңқайларына қатысты. Чемпионат Австрия, Жапония, Әзірбайжан және Сауд Арабиясының кәсіби білім беру өкілдерін, сарапшылары мен жас мамандарын, сондай-ақ Қазақстанның 15 өңірінен келген командаларды біріктірді. 61 қатысушы «Электроника», «Автономды мобильді робототехника», «Прототиптеу» және «Ұшқышсыз ұшу жүйелері» құзыреттері бойынша жарысады.
Сонымен қатар, балаларға WorldSkills Agmola өңірлік конкурсының конкурстық алаңдары мен шеберханалар мен зертханалар бойынша мазмұнды экскурсия өткізіліп, заманауи жабдықтармен және оқыту бағдарламаларымен таныстырылды. Мұндай экскурсиялар тәжірибе алмасуға ықпал етеді, колледждер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады, бірлескен жобаларға, конкурстарға, шеберлік сыныптарына және кәсіби қарым-қатынасқа жағдай жасайды. Студенттер үшін экскурсиялар ой-өрісін кеңейтуге, әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерін көруге және одан әрі дамуға ынталандыруға мүмкіндік береді.
Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст