04.06.2026
Бүгін «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты сап өткізілді.
Іс-шара Тәуелсіздіктің, халқымыздың бірлігі мен патриотизмінің нышаны болып табылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде шығарудан және Әнұранның орындалуынан басталды.
Студенттер мен педагогтарға құттықтау сөзбен колледж басшысы және Атбасар ауданы ЖРО басшысы сөйледі. Өз сөздерінде олар мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың және өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Бұл күні колледж студенттері мен қызметкерлері байқауларда жеңіске жеткені және белсенді жастар саясатын жүргізгені үшін грамоталармен марапатталды.
Мемлекеттік рәміздер күні - әрбір азаматқа тәуелсіздік, бірлік және Туған елге деген сүйіспеншілік құндылықтарын еске салу. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрқашан біздің азаматтық жауапкершілігіміз бен патриотизміміздің ажырамас бөлігі болып қала берсін.