Текст
2021 жылғы 18 маусым күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Аспаз» біліктілігі бойынша тобында қорытынды мемлекеттік біліктілік емтиханы өткізілді. Емтиханға «Лакомка» ЖК жетекшісі Татьяна Васильевна Папушина, «Кусаинова» ЖК жетекшісі Айсулу Муратовна Кусаинова, Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Роза Мурзабековна Тасмагамбетолва, «Айекешов» ЖК аспаздық цехының жетекшісі Карлыгаш Сембаевна Садыкова қатысты. Түлектер жақсы нәтижелер көрсетті. Топтың екі білім алушысы жоғары (4) дәрежеге тапсырды - Хардиева Айша Эдировна және Коркина Любовь Владимировна.