Текст
2021 жылғы 23 маусым күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Аспаз» біліктілігі бойынша қорытынды біліктілік емтиханы өткізілді. Түлектер жоғары нәтижелер көрсетті. Топтағы 20 адамның 8-і жоғары дәреже алды. Топтың бір ғана түлегі «4» бағасы алды, қалғандары «үздік» баға алды. Осы топта сынақ ретінде көрсетілім-емтихан өткізілді. Емтиханға комиссия мүшелері ретінде atbasarvideogram, Атбасар ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер – «Лакомка» кондитерлік цехының жетекшісі Т.Папушина, жеке кәсіпкер А.Кусаинова шақырылды.