Текст
Тілдер мерекесіне орай 16 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Молдыбаева А.А. және Ибраева С.К. жетекшілігімен "Тілге құрмет - Елге құрмет" атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Тәрбиелік сағатқа белсене қатысқан А-1 тобының және басқа да студенттер әр ұлттың тілінде өлеңдер оқыды, сонымен қоса Показаньев А.,Войцеховский В. тілге деген құрметін танытып, дайындап келген эссе шығармаларымен ой бөлісті. Тәрбиелік сағатта ұлттық биіміз де орын тапты. Және білім сынау мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді жауап беріп отырды.