15 қыркүйек күні «АИК» МКҚК жатахқанасында 1,2 курстың студенттерінің қатысуымен «Біз, қыздар арасында» тақырыбындағы қарым-қатынас сағаты өткізілді. Аталған шара жыныстық қатынас мәселесіне дұрыс қарауды тәрбиелеуге бағытталған. Іс-шара барысында жыныстық жетілу кезіндегі гигиена, тері мен шашты дұрыс күту, жасөспірім кезіндегі достық пен махаббат сияқты маңызды тақырыптар қозғалып, сондай-ақ қыздар ерте жүктіліктің қауіптілігі туралы білді. Қолжетімді түрде есею кезінде ағзада болатын өзгерістер туралы, өзіңе қалай көмектесуге болатыны, нені істемеу дұрыс болатыны туралы айтылды. Әр жағдайды талқылаудың соңында олар қорытынды жасады: өмірде шешілмейтін жағдайлар жоқ, сіз бәрін сабырмен ойлауға тырысуыңыз керек, егер мүмкін болса, біреумен кеңесіп, содан кейін дұрыс шешім қабылдаңыз.
Тәрбиеші Байкенова К.К.