2021 жылдың 24 қарашасында І.Есенберлин атындағы Орталық аудандық кітапханасы АИК студенттеріне арналған «Президент. Саясат. Қазақстан» атты кеш ұйымдастырылды.
Іс – шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті туралы өмірбаяндық мәліметтермен таныстыру, оның Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтудағы қажымас қызметі, өміріміздің барлық салаларындағы түрлендіруші реформаларды насихаттау, Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайту.
Кітапханашы Г.Кусаинова Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі, айырым белгілері, өкілеттігі, өмір салты мен спорты туралы, Елбасының көрнекті тұлға ретіндегі туралы айтып өтті. Оқушылар викториналық сұрақтарға қуана жауап берді. «Елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі әзірленді.