Текст
2021 жылдың 26 қарашасында колледжде ОПК - 21 тобында «Аспаз, Кондитер мамандығы-бұл беделді» тақырыбында сынып сағаты өтті. Білім алушылар аталған тақырыпқа презентация дайындап, оны Данилова Полина қорғап шықты. Сынып сағатына шақырылған «Лакомка» аспаздық цехының бас кондитері Наталья Владимировна Мульганова торттарды безендіру бойныша шеберлік сыныбын көрсетті. Аталған сынып сағаты ашық есік күніне орай өткізілді. Сынып сағатын өндірістік оқыту шебері Тлеулес Достаевна Бабаева дайындады.