Колледждің жатақханасында көпетен күткен оқиға - «Студенттер қатарына қабылдау» өткізілді. Бұл жыл сайынғы дәстүрлі іс - шара-ең жарқын дәстүрлердің бірі, ол әр студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезеңнің бастауы болады. Қыркүйек, қазан айларында бірінші курс студенттері жатақханадағы өмірдің ерекшеліктеріне, жалпы студенттік өмірге үйренді. Енді олардың алдарында күрделі жол жатыр. Бұл жолдың күрделілігі ұжымға үйлесімді қосылу, достар табу және оқуға жауапкершілікпен қарау қабілетінде жатыр. Бірінші курстағыларды студенттер қатарына қабылдау – бұл студенттердің бірігуінің алғашқы қадамы, өйткені бұл мерекеде балалар бір-бірімен танысып қана қоймай, өз таланттарын көрсете алады.
Мерекені дайындап, өткізгендер: көркемдік жетекші З.Р.Борамбаева, тәрбиеші К.К.Байкенова.