3 желтоқсан күні колледж жатақханасында студенттердің Ювеналды полиция қызметкерлері С.С.Токжуманова және Б.М.Ундубаевпен кездесу болып өтті. Полиция қызметкерлері әңгіме жүргізіп, оның барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта, яғни сағат 22:00-ден таңғы 06.00-ге дейін ересектердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде, болуға болмайтындығы туралы айтты. Әңгіме барысында оқу орнының қабырғасынан тыс жерде қауіпсіз болу тақырыбы қозғалды, онда полиция капитаны С.С. Токжуманова көшедегі, қоғамдық орындардағы, көпшілік демалатын орындардағы тәртіп ережелері туралы айтып берді. Полиция капитаны Б.М. Ундубаев студенттермен әңгімелесу барысында алкогольдік ішімдіктерді, темекі шегу мен психотроптық заттарды қолданудың зияны тақырыбына ерекше назар аударды, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазалау шаралары туралы айтты. Әңгіме барысында студеттер көптеген сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауап алды. Соңында полиция қызметкерлері балаларға салауатты өмір салтын ұстануды, мұқият болуды және қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпауды тіледі. Іс-шара студенттердің құқықтық білімін қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.Тәрбиеші К. Байкенова