Текст
2021 жылғы 8 желтоқсан күні «Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК тәрбиешісі жұмыс жоспарына сәйкес «ЖИТС туралы не білу керек?» тақырыбындағы ақпараттық сағат өткізді. Ақпаратты тәрбиеші К.К.Байкеова әзірледі. Ол жатақханада тұратын студенттерге жастардың білуі және сақтауы қажет негізгі себептерді түсіндірді. Студенттер ақпаратты қызығушылықпен тыңдады және ақпараттық сағаттың соңында олар осы мәселе бойынша пікір алмасты. Іс-шарамен 43 білім алушы қамтылды.