Текст
Жемқорлықпен күрестің Халықаралық күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 29 қараша мен 01 желтоқсан аралығында «Адал болу оңай ма?» тақырыбындағы эссе байқауы мен жемқоррлыққа қарсы тақырыптағы сурет пен карикатура байқаулары өткізілді. Жұмыстарды қарастыру барысында қатысушыларға 1, 2 және 3 орын табысталды. «Адал болу оңай ма?» эсселер байқауында 1 орынды Гусак Арина, 2 орынды – Сеильханова Дарина және 3 орынды – Искакова Карина мен Габбасова Рузана иеленді. Суреттер мен карикатуралар байқауында 1 орынды – Э-22 тобы, 2 орынды – П-24 тобы, 3 орынды – ПМ-5 тобы иеленді.