Текст
2021 жылдың 14 желтоқсанында колледж қыздар арасында баскетболдан жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды дене шынықтыру мен спортқа тарту, облыстық жарыстарға қатысу үшін үздік спортшыларды іріктеу.
Жарысқа колледждің бес командасы қатысты, командалар айналмалы жүйе бойынша ойнады. Қиын күресте орындар келесідей бөлінді:
1 орын-ОП-31
2 орын-ПМ- 5
3 орын-ПП- 24
Жарыс кезінде жарақаттар мен жазатайым оқиғалар болған жоқ.
Жарысты Ж. М. Жұмашев, М. М. Урсулян өткізді.