4 ақпан күні («Маркетинг (салалар бойынша)» мамандығының ПМ-5 тобында «Қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу. Сынып сағаты барысында білім алушылар кейбір ұғымдарды есіне алды: «Кім жасөспірім болып саналады?», «Қылмыс деген не?», «Құқық бұзушылық дегеніміз не?», «Жауапкершілік дегеніміз не?». Сонымен қатар балалар жауапкершіліктің қандай түрлері болатының еске түсіріп, әр түрлі бұзушылықтарды қарастырған кезде заңды жауапкершіліктің түрлерін анықтады. Кәмелет жасына толмағандардың құқықтары мен 14-16 жастағы жасөспірімдер сотталуы мүмкін қылмыс түрлерін, кәмелет жасына толмағандарға арналған жаза түрлерін талқылады.