Текст
Кәсіби бейімдеу шаралары аясында ағымдағы жылдың 18 ақпан күні № 3 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына таныстыру экскурсиясы өткізілді. Балалар мамандықтар бойынша дайындықтың негізгі бағыттарымен, колледждің оқу аудиториялары, өндірістік шеберханалары мен оқу зертханаларының материалды-техникалық қамтылуымен танысып, оқу мерзіміне қатысты, алатын біліктіліктер, сабақтан тыс уақыттың ұйымдастырылуы бойынша көптеген сұрақтарға жауаптар алды.