Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

24.02.2022

Жоғары сынып оқушылары алдында мамандық таңдау мәселесі әрдайым тұрады. Көптеген жаңа мамандықтар туралы мектеп оқушылары аз ақпарат алумен қатар, дәстүрлі мамандықтар да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Кәсіби бейімдеу жұмысы аясында өндірістік оқыту шеберлері Л.И.Волкова, А.М.Игибаева мен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы М.М.Урсулян Шуйское және Новосельское ауылдары орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді. Олар 9-шы сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат берді. Оқыту қызметінің тәртібі, шәкіртақы төлеу, колледждің қалалық, облыстық, республикалық  деңгейдегі конкурстық іс-шараларға қатысу, түлектердің еңбек нарығындағы қажеттілігі мен жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Мектеп оқушылары колледж студенттерінің мәдени-көпшілік, спорттық, демалу қызметтері туралы ақпарат алды. Аталған мектеп оқушыларына мамандықтар туралы, «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімдемесі туралы ақпараты бар үлестірме материал ұсынылды.

Колледж өкілдері мектеп оқушылары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, оқу орнына экскурсияға шақырды. 

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст