Текст
Мамандық таңдау – әрбір адамның ересек өмірін анықтайтын қадам. Кәсіптік бейімделу таңдауды саналы ғана емес, сонымен бірге объективті етуге де көмектеседі. 24 ақпан күні кәсіптік бейімдеу жұмысы аясында колледж оқытушылары З.Р.Борамбаева мен З.Т.Жусупова Сергеевка орта мектебі мен Самарка негізгі мектебінің 9-шы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен таныстырылды. Колледж оқытушылары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, үлестірмелі материалдар таратты.