2022 жылғы 25 ақпан күні Родионовка, Тимашевка, Тельман ауылдары мектептерінің 9-шы сынып оқушыларының Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің өкілдері – арнайыпәндероқытушысыТ.М.Шахметов мен өндірістік оқыту шеберлері Л.А.Пшеничникова және Т.Д.Бабаевамен кездесу өткізілді. Колледж өкілдері АИК орта кәсіптік білім деңгейінде жұмысшыкәсіптер мен мамандықтар бағыттары бойынша дайындық жүргізетінің айтты.
Мамандықтаңдау… Таныскөрінетін комбинация қандайүлкенмағынаға толы, онда қанша эмоциялар, уайымдар, үміттер жасырылған! Кім болам? Бұл сұрақты мектептің әрбір оқушысы өзінеқойған, қояды және қоя да береді.
Оқушыларға барлық бағыттар бойынша оқудың түрлері мен мерзімдері туралы айтылды. 2022 жылғы қабылдау комиссиясының барлық ерекшеліктерімен таныстырды. Оқуға түсу үшін қандай құжаттар керек екенін түсіндірді. Кездесудің әрбір қатысушысы «Аграрлық-индустриялық колледж» туралы маңызды әрі қажетті ақпаратпен қатар «Талапкер-2022-2023» буклетін алды.
Балаларға біздің колледж туралы, мамандықтар және шеберханалар мен зертханалар туралы бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, бейне-фильмде біздің әлеуметтік серіктестеріміз сөз сөйледі. Студенттер мастер-класс көрсетті.
Кездесу соңында біз 9-шы сынып оқушыларына бітіру емтихандарында табыс тіледік.