Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби шеберлік байқауы

15.03.2022

2019-2020 оқу жылы«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Ішкісанитарлық-техникалыққұрылғыларды, желдеткіштердіжәнеинженерлікжүйелердімонтаждаужәнепайдалану»мамандығының «Электргазбендәнекерлеуші» біліктілігі бойынша грант ретіндеЕуразияҚоры мен ALSTOM компаниясының«Болашақ техникасы» бірлескенжобасышеңберінде 66 млн929 мыңтеңге сомасында мамандандырылғанжабдықжеткізілді.      

Заманауи жабдық «SOLDAMATIK Augmented Reality дәнекерлеу машиналары» виртуалды дәнекерлеу аппараттарының 3 жиынтығынан тұрады және нарықтың осы саласындағы ең жақсы жаттығу машиналарының бірі болып табылады. Сонымен қатар дәнекерлеудің түрлі тәсілдеріне арналған автоматтар мен жартылай автоматтар, дәнекуерлеу шеберханасына арналған жаттығу құрылғылары мен арнайы киім-кешектер жеткізілді.

Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жоба аясында Қарағанды техникалық университет негізінде «Механикаландырылған дәнекерлеу және термикалық кесу» тақырыбы бойынша біліктіліктерін арттыру курстарына өтті. Аталған мамандық бойынша білім алушыларға Қарағанды электровоз жөндеу зауытына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Аталған жоба аясында колледж негізінде 15-16 наурыз күндері 07150500 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша колледждың 3-ші курсының білім алушылары арасынды кәсіби шеберлік байқауы өткізіліп жатыр.

Байқауды тәуелсіз қазылар алқасы, Ақмола облысы оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалайды –Мурат Айдарханович Балтин («Чаглинка ауылы, жорғары агротехинкғалық колледж» МКҚК), Роман Сергеевич Ткачев («Есіль қаласы, № 7 аграрлық колледж» МКҚК), Сергей Филипович Обидный («Каменка ауылы, аграрлық колледж» МКҚК).

Орталық Азияның Еуразия қоры атынан бақылаушы Алия Испаева өкілдік етеді.

Байқаудың бірінші күні білім алушылар арнайы пәндер бойынша теориялық білімдерінің нәтижелерін көрсетті,SOLDAMATIK тренажерларында дәнекерлеу тігістерінің түрлі әдістерін орындайды, WorldSkills конкурстық тапсырмалары негізінде тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

 

ОӨЖ жөніндегі орынбасар В.А.Зардиева.

 

 

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст