Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық іс-шаралар өткізілді

15.04.2022

Сәуір айына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК өндірістік оқыту шеберлері К.Уатхан мен Т.Р.Ибраев ашық іс-шаралар өткізді.

Уатхан Кайролла ЭВМ-25 тобында ұялы телефонның туған күніне орай «Ұялы телефондарды құрастыру тарихы» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара театрландырылған қойылым түрінде өткізілді. Балалар ұялы телефонның туған жылы деп саналатын алыстағы 1973 жылға саяхат жасады. Телефондардың алғашқы үлгілері қаралып, оларды құрастырушылардың тарихы таныстырылды.  Сондай-ақ, ұялы телефондардың эволюциясын білу бойынша жарысқан командалар арасындағы ойын қызықты өтті. Қазіргі уақытта ұялы телефон әрбір заманауи адамның өміріндегі қажетті атрибут, бірақ өндірістік оқыту шебері Кайролла Уатхан дайындаған презентацияны қызығушылықпен тыңдап көрген балалардың таңданысына шек болған жоқ.

Өндірістік оқыту шебері Тимур Рыспекович Ибраев дайындап жүргізген «Алғашқы автомобильдердің пайда болу тарихы» тақырыбандағы іс-шара да қызықты өтті. Ол сабаққа қатысушыларды құрылымымен таң қалдырған алғашқы автомобильдерді көрсетті. Сауатты таңдалған материал мен сабақ өткізудің бірнеше әдістерін қолдану іс-шараны қызықты әрі тартымды етті. Балалар автомобильдердің құрылымы мен жүргізу тәжірибесінде өз-ара жарысты. 1-2 курстың слесарь-автомеханиктер топтары қатысты.

Жарыс соңында қазылар алқасы (С.К.Садвакасов, Э.А.Янковский) жарыстың қорытындыларын шығарып, жеңімпаз болып А-1 тобы аталды.  Алдағы уақытта да табыс тілей отырып, іс-шара жағымды жағдайда аяқталды.

  Т.П.Толкумбекова

 

Просмотров: 417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст