2022 жылдың 14 сәуір айында ЭВМ-25 тобының студенттері Атбасар қаласындағы тарихи өлкетану мұражайымен танысуға барды.Гулшат Серікқызы Әлжанова студенттерге таныстыру экскурссиясын өткізді. Онда, бірінші қабатта өлкенің бай және түрлі флорасы мен фаунасын көрсететін табиғат залы орналасқан. Археология залында ауданның археологиялық картасы, тас және кремний еңбек құралдары, сөрелер мен диорамаларда палеонтологиялық олжалар орналасқан.
Этнографиялық залдың экспозициясы ішкі киіз үй интерьері, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, ағаштан және былғарыдан жасалған заттар, киіз, қолдан тоқылған кілемдер және зергерлік бұйымдар, сондай-ақ, қазақ этнографы Мейрам Жанайдаров өмірімен таныстырады. «Қала тарихы» залында Ресей, Украинадан қоныс аударушы шаруалардың бірегей құжаттары мен тұрмыстық заттары, сонымен қатар 1914-1937 жж. аралығындағы өлке тарихын көруге болады.Сонымен қатар студенттер көптеген өздеріне керек мәліметтермен танысып қайтты.
#балаларжылы2022