Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Alstom қоры Атбасар қаласындағы Аграрлық-индустриялық колледжге қолдау көрсетеді

14.06.2019 2019 жылғы 14 маусым - Alstom қоры Орталық Азияның Еуразия (ОАЕҚ) қолдауымен Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінде электрикалық және газды дәнекерлеу факультетінің оқушыларына арналған замануи дәнекерлеу құрал-жабдығымен жабдықталған зертхананы ашты. Бұл зертхана «Болашақ техника мамандарын дайындау» жобасының бөлігі болып табылады. Alstom және ОАЕҚ жалпы күш-жігерлерін Атбасар қаласындағы аграрлық-индустриялық колледжінің студенттеріне арналған кәсіби мүмкіндіктерін арттыруға бағыттанған. Alstom қоры қатысуы – оқу құрал-жабдықтарын жаңғырту мен оқу бағдарламасын жаңартуды қаржылық жағынан қамтамасыз етуден тұрады. Жоба студенттерге саланың талаптарын әлдеқайда тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуды көздейді. «Атбасар агарлық-индустриялық колледжімен серіктестік қарым-қатынас орнату Қазақстанның машина жасау саласына өз септігін тигізеді, себебі осы қарым-қатынастардың мақсаты студенттердің негізгі және кәсіби дағдыларын дамыту болып табылады. Біздің компаниямыздың жоспарында ірі қалалардан алыс арақашықтықты орналасқан өңірлерді дамытуда жәрдемдесу болып табылады және біз осы жобаның экономикалық, әлеуметтік даму және қолдау болып табылатын басты аспектілері шеңберінде еліміздің құзыретінің өсуіне өз үлесін қосу мүмкіндігі болғанына қуаныштымыз», - деді Қазақстандағы Alstom компаниясының басқарушы директоры Гийом Триттер. «Alstom Қоры үшін Қазақстандағы алғашқы жоба бойынша осы басты кезеңді іске асыру айтарлықтай қуантады, оның мақсаты жергілікті жастардың дағдыларын дамыту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңеутуден тұрады», - Alstom Қорының бас хатшысы, Барри Хоу. Жобаны іске асыру барысында Alstom қызметкерлері Атбасар колледжінің оқытушылары мен студенттеріне технологиялық процестің мәнісіне ену және саладағы соңғы үрдістер туралы біліммен бөлісу мүмкіндігіне ие үшін Нұр-Сұлтандағы Электровоз құрастыру зауытына (ЭҚЗ) сапарлар ұйымдастырады. ОАЕҚ өз тарапынан халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан дәнекерлеушілер қауымдастығымен өткізілетін, оқытушыларға арналған екі апталық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды. Оқу аяқталған соң оқытушылар алған білімдерімен бөлісу мақсатында басқа кәсіби-техникалық училищелердің оқытушылық құрамында өз бетінше оқуларды өткізе алатын болады. Alstom компаниясының Қазақстанда өкілдігі, 650 астам қызметкері бар штат, екі бірлескен кәсіпорны мен екі өндірістік объектілері Нұр-Сұлтан қаласында бар.
Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст