28 сәуір күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК 1-2 курс топтарының қатысуымен «Ел бесігі – ел бірлігі» атты фестиваль өткізілді. Балалар түрлі ұлттардың тарихын, салт-дәстүрлері туралы мәлімет жинап, тағамдарын дайындады. Әр түрлі елдер мен халықтардың көрікті жерлері туралы қызықты фактілерді таңдап көрсетті. Бірінші болып сахнаға ПМ-5 тобы шығып, татар халқының құда түсу әдет-ғұрпын көрсетті. А-1 тобы украин халқын ұсынды. Слайдтар көрсетіліп, «Распрягайте хлопцы коней» әні шырқалды. П-24 тобының қыздары Грузия туралы айтып, ұлттық биін биледі. Э-2 тобының студенттері орыс халқын ұсынды. Ұсыну барысында «Біз – орыстармыз» («Мы – русские») өлеңін оқып, орыс бәлішін ұсынды. ПУ-23 тобы қазақ ұлтын бейнеледі. Қыздар «Тұсау кесу» әдет-ғұрпы мен «Шашу» дәстүрін көрсетті. У-3 тобы неміс ұлтын көрсете отырып, неміс тілінде өлең оқып, Германияның ірі қалалары туралы презентация дайындады. Белоруссия ұлтын П-4 тобының білім алушылары ұсынды. Қыздар бал ашудың түрлерін көрсетіп, белорус тілінде өлең оқыды. ТҰК-11 тобы шешен халқы туралы айтып берді. Қыздар көрермендерді «Қыздың тұрмысқа шығуы» дәстүрімен таныстырып, «Лезгинка» биін биледі. ЭВМ-25 тобы әзірбайжан халқының салтымен таныстырды. Балалар «Көгершін неге бақыт құсы болып саналады» деген театрландырылған көріністі ұсынды. Фестиваль «Халықтар достығы» биімен аяқталды. Тәрбие бөлімі .