Текст
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығымен Қазақстанда «Жаңа Қазақстан – жаңартылған Конституция» референдумын өткізу туралы жарияланды. «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК ұжымы алдында біздің тарихымыздың жаңа кезеңін бейнелейтін оқиғаға байланысты Конституцияға енгізілетін ережелерді түсіндірумен басшы В.В.Лукин сөз сөйледі. Ол жер, табиғи жер қойнауы, Мәжіліс құрамы және Қазақстанның сайлау жүйесіндегі өзгерістерге қатысты қандай баптар жетілдіріліп, өзгертілетінін түсіндірді. Референдум өткізуді түсіндіру бойынша кездесу Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.О.Қуатбековтың қатысуымен өтті.