31.05.2022
2022 жылғы 27 мамыр күні Көкшетау қаласындағы «№ 1 құрылыс-технологиялық колледж» МКҚК негізінде «Кәсіптік стандарт және инклюзивті оқыту техникалық және кәсіптік білім берудегі инновациялық үдерістердің көрінісі ретінде» тақырыбындағы директорлардың оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі ӘБ отырысы болып өтті. Отырысқа директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Гульден Ахметжановна Омарова қатысып, «Білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасады.