Балаларды қорғау күні-бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ескерту. Бүгін 1 маусым күні колледжде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік жиын өтті. Колледж басшысы В.В. Лукин құттықтау сөз сөйледі, іс-шара қонағы, ЖРО басшысы Н.А. Жакишева іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және жастарды волонтерлік қызметке тартқаны үшін Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К. Қуатбековтың қолы қойылған Алғыс хаттарды табыс етті. Сондай-ақ жиында оқу жылы бойы колледждің іс-шараларына белсенді қатысқан студенттер атап өтілді. Тәрбие бөлімі