11.11.2019
7 қарашада колледжімізде қылмыстың алдын алу бойынша кезекті кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Сабақты себепсіз өткізіп жіберудің жағдайын талдау;
2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайларын зерттеу;
3. Оқушылардан сабақтан тыс уақыттағы жұмыс орнын анықтау үшін сұрақ қою;
4. Колледждің ішкі істеріне шолу.
Жиналысқа ата-аналар шақырылды, сабаққа қатыспаған оқушылардың 10 ісі қаралды. Екі істі педагогикалық кеңестің қарауына беру туралы шешім қабылданды.