01.11.2022
2022 жылғы 31 қазан күні Минск қаласында Беларусия НҒА Энергетика институты «Беларусь Республикасындағы энергетика саласындағы технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесі» тақырыбындағы онлайн семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: технологиялық кәсіпкерлік жүйесін құру және электр энергетикасы саласында жаңа ғылыми білім мен технологияларды пайдалану. Семинарға қатысушылар Қазан қаласының «Ұлттық зерттеу технологиялық Университетінің» (ҰЗТУ), Молдова мен Румыния ғылыми-техникалық институтының, Беларусияның КМЭУ Республикалық орталығының, ҚХР Хэнань және Цзилинь провинцияларымен ғылыми-техникалық орталығының жобаларын (баяндамаларын) ұсынды.
Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Атбасар қаласы «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» атынан колледж басшысының ОТЖ жөніндегі орынбасары Татьяна Петровна Толкумбекова мен арнайы пәндер оқытушысы Сергей Владмирович Ярош қатысты. Арнайы пәндер оқытушысы С.В.Ярош «Электроэнергетика саласындағы дамудың экологиялық аспектілері» тақырыбындағы баядамамен сөз сөйлеп, презентация-жобаны ұсынды. Жоба жаңартылатын, дәстүрлі емес энергия көздері саласында, жел энергетикасы, жел генераторлары және күн панельдері арқылы іске асатын белсенді жоба.
Басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова