24.11.2022
1 курс топтарында «Анықтама телефоны – психологиялық көмек алудың бір түрі» әңгіме-тренингі өткізілді. Тренинг барысында студенттер «Сенім телефонының» пайда болу тарихымен және оның қызмет ету ерекшеліктерімен танысты.
Сабақтың практикалық бөлімінде балалар эмпатияның көрінісі бойынша жаттығуларды орындап, кластер құрады, практикалық есептерді шығару жолдарын үйренді.
Педагог-психолог Фёдорова Т.В.